2024 жылдың 6 маусым күні 01140300 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы 5АВ0114030 3 «Шетел тілін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша білім алатын А-44ҚБ тобында демонстрациялық емтихан өтті. Емтихан екі тәуелсіз модульден тұрады. Бірінші модульдің мақсаты ағылшын тілі пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрып, заманауи білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып сабақтың үзіндісін өткізу іскерліктерін көрсету болып табылады. А-44ҚБ тобының студенттері қысқа мерзімді жоспардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес сабақ үзіндісін жоғары деңгейде ұйымдастыра алды. Емтихан тапсырмасы білім алушыларға кәсіби білімі, іскерлігі, дағдысы бар және қойылған міндеттерді шыға