АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Тіл достықтың алтын көпірі»

22.09.2017

22-ші қыркүйек Тілдер мерекесіне орай тіл және әдебиет кафедрасының ұйымдастырумен «Тіл достықтың алтын көпірі» атты 1-ші курс студенттерінің өзге ұлт өкілдері арасында зияткерлік сайыс  өтті. Сайыстың мақсаты ұлты басқа болса да жүрегі қазақ деп соғатын қазақстандық азаматтардың тілге деген жанашырлығын ояту, патриоттық сезімін қалыптастыру болып табылады. Сайыс қорытындысы қазылар алқасының шешімімен қорытындыланды. Сайысқа 7 бөлім бойынша Роот Карина – ФБ-11, Бондарева Анастасия – ФБ-12, Гумарова Фатима – ФБ-12, Акбарова Айгерім – А -12, Насырова Азиза – БМ-23, Роот Диана – МД -22, Кравченко Анастасия – МД-22, Попова Виктория – ДМ-11 топтарының студенттері белсенді түрде қатысты.  Сайыс төмендегідей кезеңдерден тұрды:

1.    Жалпы сұрақтар

2.    Үй тапсырмасы «Тәуелсіздік көшбасшысы» тақырыбына қабырға газетін дайындау, қорғау

3.     Көкпар (қатысушыларға сұрақтар қойылады, жылдам жауап берулерін талап етеді)

4.     Ғажайып алаң (қатысушылар ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап беріп, ұпай санын жинайды)

5.    Көшбасшы

6.    Жалпы ұпай

Аталған кезеңдер арқылы  қатысушылар Тәуелсіз елміздің рәміздері, Әнұраны, еліміздің тарихын қаншалықты деңгейде білетіндіктерін жоғары деңгейде көрсете білді.

 

Просмотров: 533


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст