АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
6-қыркүйек Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2017-2018 оқу жылының № 1 педагогикалық кеңесі өтті.
Күн тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылына қабылданған оқытушылармен таныстыру.
2. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының есебі.
3. Кәсіби білім берудің жаңа бағыттары.
4. 2017-2018 оқу жылына арналған колледждің кешенді білім бағдарламасын талқылау, бекіту.
5. Әр түрлі мәселелер (қорытындылау, марапаттау)
Күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселе бойынша колледж директоры Н.Ахатұлы барлық оқытушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңа оқу жылын жоғары колледж статусында бастап отырғанымызды айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тұғырнамасы негізінде үлкен бағдарламалар жасалуда. Соның аясында білім, руханият саласында, студенттердің интеллектуалдық дамуы бағытында жаңа жобалар, соңы идеялардың бастау бұлағында тұра білейік деді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жалпы қабылдау
комиссиясына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында 548 талапкер құжатын тапсырды. Биылғы жылы оқу жылында қабылдау емтихандарын өткізуде өзгерістер болды. 2017-2018 оқу жылында 7 мамандық бойынша 409 талапкер құжатын тапсырды. Сырттай бөлімге 45 талапкердің өтініші қабылданды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Т.Сәбитова «Рухани Жаңғыру 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбында республикалық, облыстық тамыз конференциясына барып келгендігін айтты. ТжКБ–ны қолжетімдігі; Педагогтар мен менеджерлердің кәсіби құзыреттілігі, ТжКБ–ны қаржылық және материалдық қамтамасыз ету, Бизнеспен әріптестікті дамыту, жұмысшы мамандықтарының имиджін көтеру «3.0 экономикалық жаңа модем шеңберінде білікті кадрларды даярлау» жобасы сияқты бағыттарына тоқталып, колледж ұжымына түсіндірілді.
Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ә.Заманбекова Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана», «Таяу жалдардағы міндеттер» бөлімінде анық көрсетілген сананың ашықтығы, білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттік турасында өз ойын айта келіп, алдағы уақытта орындалуға тиісті міндеттерді қойды.
Директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева практикаға баратын машықкерлерді оқу практикасында балалармен, мектеп мұғалімдері және ата-аналармен қарым-қатынас жасау этикетін жақсылап түсіндіру мен өзгеріс енгізілген мектеп оқулықтарымен студенттерді таныстыруды әдіскер-мұғалімдерге тапсырды. Келесі мәселе бойынша директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Бейсембина колледждің жаңа оқу жылындағы ғылыми-педагогикалық, әдіснамалық тақырыбымен: «Кәсіби білім беруде оқытудың кредиттік-модульдік технологиясы арқылы білім сапасын арттыру жолдарын» таныстырды. Жаңа оқу жылының әр мамандық бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, осы тақырыптар асында жұмыс топтары құрылды. Мәселең, Тілдер және әдебиет кафедрасы латын графикасына көшу және «Ң»-ды дыбыстаудың мәселелерін қарастырады.
Келесі кезекте марапаттаулар жүргізілді Ұлттық бизнес-рейтинг комитетінің марапаттаулары: Коллелдж директоры А.Н.Ахатұлы «Decus oeconomice» еліміздің экономикасының дамуына қосқан дербес үлесі және көшбасшы кәсіпорының нәтижелі басқаруы үшін орден алды. Халықаралық сертификат «Жыл Маманы» 2016 жыл З.Ж.Турсунова. Халықралық сертификат «Жыл Бухгалтері» 2016 жыл А.С.Саду. Кәсіби шеберлігі үшін бас бухгалтер Д.Аширбекова «Bene merenti de professione» медаліне ие болды. Колледжіміз биыл LEADEROFTHEBRANCH 2016 («Сала көшбасшысы 2016») рейтингісіне ие болды. Қазақстан Республикасының мемелекеттік және коммуналдық кәсіпорындар арасында «Өсу қарқыны» көрсеткіші бойынша ТОП-100 (Алтын)-ға, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындар арасында ТОП-7 (Алтын)-ға ие болды. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінде қажырлы еңбек етіп, білім саласына қосқан үлесі үшін алғыс хат: А.Нуриевна, С.Левқызы, С.Жамбылұлы. Құмет грамотасы: Ә.Қайроллақызы. Ақмола облысының білім басқармасының алғыс хатымен О.Қаликайдарқызы. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен С.Б.Кабиевич, Ақмола облысының білім басқармасы басшысының алғыс хатымен М.А.Эсенбергенович марапатталды.