АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Колледжіміз де бұл мәселеден қалыс қалған жоқ. Көпшілік қауым қолдап отырған латын әліпбиін үйрену мақсатында «Латын әліпбиін үйренейік!» атты - акция өткізілді. Акцияға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысып, ұсынылып отырған латын әліпбиінде әр түрлі практикалық және дидактикалық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар «Әліпбиді латынмен алмастырғанда ұтатын және ұтылатын тұстарымыз қайсы? Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшкені дұрыс деп ойлайсыз ба? Латын алфавитіне көшу қандай қиындықтар туғызады?» деген сауалдар төңірегінде сұхбат жүргізілді.