АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні мерекесі аясында шетел тілі кафедрасының оқытушысы, “Ventures” ресурстық орталығының жетекшісі Кожахметова Резида Зейнулаевнаның ұйымдастыруымен ағылшын бөлімінің 1,2,3 курс студенттері арасында “Тіл деген алып мұхит, түбі терең” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты студенттерді ана тілі мен шетел тілдерінде өлеңді мәнерлеп оқуға баулу, дағдыландыру болды. Сайысқа қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқудың жоғары деңгейін көрсетті. Қазақ тілінде мәнерлеп өлең оқудан 1 курс студенті Кожина Жайнар – 1 орын, 2 курс студенті Аким Ақнұр – 2 орын, 3 курс студенті Нұрлан Әсем –3 орынды иеленді. Орыс тілінде мәнерлеп өлең оқудан 1 курс студенті Изахметова Айғаным – 1 орын, 2 – курс студенті Кабдулина Айнұр – 2 орын алды. Ағылшын тілінде мәнерлеп өлең оқудан 1 орын 3 курс студенті Байгужина Азиза иеленді. Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. «Болашақ жастар қолында» деп Елбасымыз айтып кеткендей дамыған елдердің қатарына қосылу үшін ана тілімізбен қатар шетел тілін үйрену басты мақсатымызға айналып отыр.