Оқу ордасының бірінші қабатында 28-ші қыркүйек күні «Сәкен Жүнісов атындағы әдістемелік-танымдық бірлестік» жетекшісі А.О.Жантубетованың ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл толуына орай кітапты насихаттаудың қазіргі формасының бір түрі буккроссинг өткізілді. Буккроссингтің мақсаты – кітап оқуды адам өмірінің бос уақытында өзіне серік етіп, студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Жазушының шығармашылығы жайлы кітап көрмесі қойылып, онда түрлі мазмұндағы әдебиет ұсынылды. Оқырмандар кітапты алып, оқып болған соң айналасындағыларға, өзге біреулерге беру тапсырылды. Бұл – үйірме жоспарындағы өткізіліп жатқан кезекті іс-шара. Мұндай кітап оқуға деген сүйіспеншілік тенденциясы біздің қоғамда, студент жастар арасында жоғары деңгейде болса көптеген белестерді бағындырар едік.