АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Қарттарым – асыл қазынам!
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұстаздық қызметті жанына серік еткен ардақты да аяулы ардагер ұстаздар қонаққа шақырылды. Мерекелік іс-шараға 23 ардагер ұстазымыз қатысты. Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Т.Сәбитова ардагер ұстаздарды мерекесімен құттықтап, өз ізгі тілегін жеткізді. Білім беру саласында, шәкірт тәрбиелеуде талмай талай жылдар бойы еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, колледждің материалды-техникалық базасымен
таныстырылып, оқу орнының жетістіктерімен бөлісті. Колледжіміздің оқытушылары мен студенттері қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырып, кеш мерекелік дастарханмен жалғасты. Осындай кездесуде бас қосқан ардагер ұстаздар жүздеріне күлкі ұялап, оқытушылар мен студенттерге ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.