АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы.
Мұхтар Әуезов дарынды да талантты адамдардың бірі, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясын бітірген, филология саласының маманы, қоғам қайраткері, профессор, «Алаш» партиясының атақты мүшесі болып, ғылымды да білімді де қоса меңгеріп үлесін қосқан кемеңгер ақын. Қазақ әдебиетінің көрнекті қоғам қайраткерлері мен ақындары Алаш партиясының идеологиясында тәрбиеленді. Табиғатынан дарынды, арабша әріп таныған, орыс тілін жетік білген Мұхтар Әуезовты халық әдеби классик, сөз өнерінің шебері, абайтанудың негізін салушы, түркі халқының тарихымен мәдениетінің фольклор мен эпос зерттеушісі. Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың шығармашылық жолының басталуы қазақ даласындағы ірі саяси оқиғалармен сәйкес келеді. 1919 жылдың желтоқсан айында кеңес үкіметі шығарып тұрған газеттерге белсене араласып тұрды. Оны әр түрлі
мәселелер бірде әйел теңдігі жайы, бірде оқу-ағарту, мәдениет ісі ойлантты. Шығармашылығы ХХ ғасырдың ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Мұхтар Әуезов өзінің ұланғайыр шығармашылық әлемін Семей жерінде бастады, алғашқы көркем туындылары, қазақ сахна өнерінің ірге тасын қалаған драмалық шығармалары да осында дүниеге келді. Сол кез қазақ әдебиет өнерінің өркендей бастаған шағы еді. Мұхтар Әуезовтың қосқан үлесінің бірі оның өнері әдебиетке назар аударып, жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер. Мұхтар Әуезовтың қазақ әдебиетіне тағы бір қосқан үлесі-Шығыстық кеңеюі. Үнді елін біліп, тануымыз үшін қыруар еңбек етті. Үндістан туралы очерктер жазды, сол елдің атақты жазушысы Р.Тагордың шығармашылығын талдауға
арнап «Тагордың кемеңгерлігі» атты мақала жазды. Қазіргі заманда кең өріс алған Азия және Африка елдері жазушыларының ынтымағы, бірлігі тарихына М.Әуезов ерекше үлес қосты.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың жиырмадан аса театрлық қойылымдары, әңгімелері, кітаптары арасындағы қазақ халқының әдебиеті мен тарихи фольклорының аса маңыздысы ол-роман. Басты кейіпкері- Абай Құнанбаев ұлы
гуманист, ойшыл, әдебиет пен қазаққа тән әдеби тілдің негізін салушы. Ұзақ жылдарға созылған терең шығармашылық ізденістердің, қажыр қайратының нәтижесінде күллі әлемге ұлы Абайды танытып қана қойған жоқ, қазақ халқы «Абай жолы» арқылы өзін де тереңірек түсініп таныды. М.Әуезов қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен өмірлік, шығармашылық жолдарында зор табыстарға жетті. Жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазғаннан кейін он шақты жыл ішінде көптеген әңгіме, повесть, пьесаларымен көзге түсті. Атап айтқанда «Қорғансыздың күні»,
«Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Көксерек», «Қыр» әңгімелері, «Жетім», «Қараш-қараш оқиғалары», «Қаралы сұлу», «Қилы заман» секілді прозалық шығармаларымен оқырман назарын бірден өзіне аударды. Осы туындылардың өзімен М.Әуезов құдіретті талант иесі екендігін танытқан болатын. М.Әуезовтың алғашқы
туындыларының бірі-1928 жылы жазылған «Қилы заман» повесі. Осы повесте Қазан төңкерісі алдындағы қазақ даласындағы ақ патшаның отарлау саясаты, екі жақты езгіде қалған халықтың ауыр тұрмысы, қайғы-мұңы, ашу-ызасы барынша шынайы көрсетілген. Мұхтар Әуезов қазақ әдебиет тарихында қалыптасқан озық дәстүрлерді алға апарушы, ілгері дамытушы болды. «Қорғансыздың күні» деп аталатын алғашқы әңгімесі арқылы өзінің суреткерлік дарынын айқын танытты. Ал «Оқыған азамат» әңгімесінде өзінің азаматтық мұратын аңғартты. Қазақ жазушысының «Қаралы сұлу» әңгімесі прозаның озық үлгілерінің бірі. «Қыр суреттері», «Жетім», «Кім кінәлі», «Ескілік көлеңкесінде», «Сөніп жану», «Кінәмшіл бойжеткен», «Іздер», «Бүркітші» т.б. әңгімелері-Әуезов прозаның шағын жанрының шебері екендігін көрсетеді. Мақалаларында қазақ халқының ғасырлар бойы талай қиыншылықтарды басынан өткізіп күресе білгені туралы. Ел арасындағы парақорлық жалқаулық, сауатсыздық сияқты түрлі жағдайларды сынап, солардан құтылу үшін білім алу керек екенін айтқан. «Адамдық негізі-әйел» атты мақаласында әйелдің қоғам өміріндегі әйелдің атқаратын орны туралы, ашық айтады. Әйелді қоғамдық ортаның тірегі деп бағалап, қоғамдағы адамгершілік ана тәрбиесінің нәтижесі екенін білді.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың басты тақырыбы-ұлт тағдыры, халық тағдыры. Шығармашылығы тек қазақ әдебиетіне ғана емес, дүние жүзілік әдебиетке де игі әсерін тигізді. Әуезовтың шығармашылық қызметі мен азаматтық тұлғасы әрбір жазушыға ұлағатты үлгі, өшпес із. Қазақтар үшін ол тек жазушы ғана емес, сонымен қатар ұлтымыздың рухы жаңғыруына қосқан үлесі шексіз.