АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» Республикалық ғылыми-практикалық конференция

06.10.2017

«Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» Республикалық ғылыми-практикалық конференция

29 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен «Шағын жинақталған мектептің педагогі: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуының мәселелері» тақырыбында  Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептер мұғалімдерінің кәсіби даму мәселелері бойынша өзара тәжірибе алмасу болды. Аталған конференция 4 секциядан тұрды. І секция білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ-нің білім беру үдерісін басқару. ІІ секция ШЖМ педагогінің кәсіби дамуында инновациялық ақпараттар және smart технологияларды қолдану бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру мүмкіндіктері (он-лайн). ІІІ секция кәсіби құзыреттілікті дамыту және ШЖМ білім беру үдерісінің сапасын жетілдіру тәсілдері (дискуссия алаңы). ІV секция «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында ШЖМ тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері (дөңгелек үстел).V секция шағын жинақталған мектеп мұғалімінің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу проблемалары (шеберлік сыныбы). Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы «Шағын жинақталған бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттыру мәселелері» атты баяндамасымен қатысты.

Конференцияға қатысушылар шағын жинақталған мектептердегі жүйелендіру, жалпылап қорыту және практикаға енгізуге мұқтаж оқыту мен тәрбиенің инновациялық құралдарын, формалары мен әдістерін әзірлеу және жүзеге асырудың едәуір тәжірибесі жинақталғандығын көрсетті.

 

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст