Кітапханада 3 маман қызмет атқарады: 1 кітапхана меңгерушісі, 2 кітапханашы.
Халикова Қуаныш Абекқызы – кітапхана меңгерушісі. Білімі - арнаулы орта. 1992 жылы Ақан сері атындағы мәдениет колледжін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл, кітапхана мамандығы бойынша – 16 жыл, соның ішінде колледж кітапханасында 12 жыл қызмет атқарады.
Кияшева Ақмарал Омурзаққызы– кітапханашы. Білімі – арнаулы орта. 1995 жылы Ақан сері атындағы мәдениет колледжін "Кітапхана ісі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл, кітапхана мамандығы бойынша – 13 жыл.
Сансызбаева Рая Сансызбайқызы - кітапханашы. Білімі – арнаулы орта. 2015 жылы Ақан сері атындағы мәдениет колледжін "Кітапхана ісі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Жалпы еңбек өтілі – 2 жыл, кітапхана мамандығы бойынша – 2 жыл.