14 қазан күні дәстүрлі жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Тиагалиев Ибрагим Абдрахманұлын еске алу мақсатында «Баспалдақ-2017» жарысы өтті. Жарыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жеңіл атлетиканы дамыту және мықты спортшыларды анықтау болып табылды. «Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен 400 – ге жуық әр түрлі жас санатындағы спорт сүйер қауым қатысты. Сонымен қатар, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері мен оқытушылар қауымы белсенділік танытты. Жасөспірімдер арасынан 18 бен 19 жас аралығынан Естай Мұрат 3-ші орынды иеленді, 20 мен 34 жас аралығынан Жолдаспаев Руслан 1-ші орынға ие болса, осы жас аралығынан оқытушылар арасынан колледжіміздің дене мәдениеті оқытушысы Чебуранова Диана Тагировна 2-ші орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастыру алқасының мақтау қағаздарымен марапатталды.