АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Рухани жаңғыру» Жастырдың сайлау құқығы атты облыстық пікірсайыс

16.10.2017

2017 жылдың 14 қазанында Көкшетау қаласы, көпсалалы Азаматтық қорғаныс колледжі қабырғасында Ақмола облысы бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау аясында Нұр Отан партиясы, Жас Отан жастар қанаты және де Жастар саясаты қолдауымен облыстық пікірсайыстан турнир өтті. Турнирге барлығы 16 команда қатысты. Мақсаты елімізде пікірсайыс деңгейін көтеру, әлемдік қоғамдастық пен Отанмызда бала құқығын қорғауда барлық проблемалық мәселелердің шешімін таба отырып, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлғаны қалыптастыру және студенттердің әлеуметтік, шығармашылық белсенділіктерін арттыру болды. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Парасат» дебат клубы атынан 5 команда қатысып, екі команда жартылай финалға шықты. Өзінің ой-өрісінің байлығын, сөйлеу мәдениетінің шеберлігі мен шапшаңдығын көрсете білген «Парасат үшін» командасы құрамында ағылшын бөлімінің А-21 тобының студенті Әкім Айнұр мен филология бөлімінің ФБ-22 тобы студенті Аманжол Әсет 3-ші орынға ие болды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға иеленді.

Просмотров: 425


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст