Текст
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде еңбек технологиясы және әдістемесі пәнінің оқытушысы Г.К.Амиржанова «Жаңа жыл ойыншықтарын жасау» атты шеберлік сағатын колледждің жас мамандарының қатысуымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің МД-41 тобында өткізді. Гүлмира Қайыржанқызы студенттермен топтық жұмыс жасатып, коллаборативті ортаны қалыптастырды. Жас мамандармен бірге студенттер жаңа жылдық қолдан жасалған бұйымдарды жасап, мерекелік бәлішті безендірді.