АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2018 жылдың 10 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшеау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің салтанат залында үшінші кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңестің күн тәртібінде мынадай мәселелер көтерілді:
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім мазмұнын жаңғырту жағдайындағы колледждегі атқарылған жұмыстар нәтижесі;
2. Оқытушылар құзіреттілігінің рейтингісі;
3. Оқу-әдістемелік бірлестік бойынша атқарылған,
жұмыстар және жоспарлар;
4. Колледждің электронды-ресурстық кітапханасының
жаңа деңгейге көтеру мәселелері;
5. Педагогтың кәсіби стандартын іске асыру. Бұл педагогикалық кеңес 2 бөлімнен тұрды: 1-бөлімде әр
мамандық бойынша 2017-2018 оқу жылының қорытындысын талдау жұмысы жүргізілді.
Ал 2-бөлімде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұнын жаңғырту жағдайындағы колледждегі атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша директордың оқу орынбасарлары Т.Сабитова, Ә.Заманбекова, Қ.Мұқышева, А.Бейсембина есеп берді. Содан соң Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің әдіскері Т.Жоламанова «Оқу тәдістемелік бірлестік бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарлар» деген тақырыпта баяндама оқыды. Абай атындағы электронды-ресурстық кітапхана меңгерушісі Қ.Халикова «Колледждің электронды-ресурстық кітапханасының жаңа деңгейге көтеру мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі. Колледж директоры Н.Ахат,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Сабитова, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Бейсембина «Педагогтың кәсіби-стандартын іске асыру» тақырыбындағы мәселені талқыға салды. Педагогикалық кеңес шешімімен қаулы қабылданып, кейін колледж директоры Н.Ахат педагогика пәнінің оқытушысы Б.Секенованы, филология бөлімінің меңгерушісі Д.Ілиясты, бастауыш мектеп бөлімінің меңгерушісі А.Рахимжанованы мақтау қағазы және медальдармен марапаттады.