0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығының М-41 тобында 2018 жылдың 15 қаңтарынан 26 қаңтар аралығында «Хор үйірмесіне жетекшілік» атты оқу практикасы өтті. Практиканың міндеті: әр түрлі жастағы балалар ұжымымен, вокалдық ансамбльдермен, солистермен жұмыс жасау; хормен дайындық жұмысын жүргізудің жоспарын әзірлеу; хор ұжымына жетекшілік ету. 26 қаңтар күні салтанат залында 4-курс студенттерінің «Балалық шаққа саяхат» атты хор практикасы пәнінен тәжірбие жинақтау есебі тыңдалды. Олар «Отан», «Дос болайық бәріміз», «Көжегім», «Аман болшы, анашым», «Астанам», «Құлыншақ», «Біз осылай өсеміз», «Балдырған маршы», «Апа, туған күніңмен», «Мектеп вальсі», «Домбырасыз ән қайда», «Жиырма сегіз батыр», «Мәншүк апай» атты балаларға арналған әндерін баян, фортепьяно аспаптарының сүйемелдеуімен жақсы деңгейде орындады. Іс-шараға практика жетекшілері Оразова С.Л., Таткенова С.Қ., музыка бөлімінің оқытушылары және бөлім студенттері қатысты