2018 жылдың 1-ақпанында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойыншаөткізілетін WorldSkills Kazakstan – 2018 аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында байқау өтті. Байқаудың ашылу салтанатында мектепке дейінгі бөлім студенттерінің ұйымдастыруымен «Тәрбиеші мен бала» тақырыбында пантомимикалық қойылым қойылды.Байқауға қатысушылардың мектепке дейінгі бөлімнің 11 студенті көрермендермен таныстырылып, жеребе тастау рәсімі арқылы қатысушылардың реттік нөмірі анықталды. Байқаудың алғашқы кезеңінде Танымдық дамыту «Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалармен мобильді планетарийде виртуалды саяхатты әзірлеу және өткізу»тапсырмасын орындауға 2 сағат 30 минут уақыт берілді. Қатысушылар бала бақшадағы оқыту, ойын, табиғаттану т.б. орталықтарының біріне виртуалды саяхат жүргізді.
Байқаудың келесі кезеңінде «Көркемдік-эстетикалық дамыту» және «Ата-аналармен өзара қарым-қатынас» кіріктірілген модулі бойынша тапсырмаларды орындап,білімпаздар сайысқа түсті.Байқау 2 ақпанда №1 «Арман» бала бақшасында жалғасын табады.