АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Bolashaqqa baghdar: latyn grafikasy

07.02.2018

Bolashaqqa baghdar: latyn grafikasy

Қазіргі таңда қазақтың жаңа әліпбиі – латын графикасына негізделген әліпбиді қабылдау ең көп талқыланып жүрген мәселелердің бірі болып тұр. Дәлірек айтқанда, негізгі тақырып – латын әліпбиінің қабылданған нұсқасы. Осы күнге дейін бізге латын әліпбиінің үш нұсқасы ұсынылды. Әуелі, қазақы төл дауысты дыбыстарымызды диграфпен – екі әріппен белгілеу, содан соң дауысты дыбыстардың үстіңгі оң жағына үтір қоятын апострофты, кейін ұсынған әріптің үстіне ноқат қойылған түрікше тектес нұсқасы берілген еді. Себеп – әріп, таңбалар пернетақтада болуы тиіс деген талап. Апострофты жоба пернетақтада болғандықтан қабылданды. Бірақ, тәжірибеде қолдану барысында бұл жобаның да кемшіліктері шығып жатыр... Ал, ноқатты жобаны пернетақтада қолдану тиімсіз. Өйткені, ноқат пернетақтада жоқ болғандықтан, оны пайдалану үшін арнайы символды немесе тілді ауыстыру қажет болады. Бұл заңдылық кез келген әліпби нұсқасының өміршеңдігі тәжірибеде қолдану барысында ғана анықталады. Ұсынылған үш латын әліпбиіндегі әрбір әріпті салыстыра келе, әлі де ойлануды қажет ететін жақтары бар екендігін байқадық. Өзіміздің қазақтың төл дыбысы «Ң» әрпін алып қарасақ, бірінші нұсқада «ng», екінші нұсқада «n’», үшінші нұсқада «ŋ» таңбасымен берілген. Мысалы, «a’n’gime», «tu’ngi», «a’n’gelek», «tu’n’lik» немесе диграфпен «tuenggi», «аеngme», «aengelek» сөздеріндегі «ң» әрпінің жазылуы әртүрлі екендігін көрдік. Диграфпен жазғанда кейбір сөздерде «ң» және «г» әріптері қатар келгенде латын графикасындағы «ngg» яғни «гг» әріптері қатар жазуды талап етілетіндігі байқалады. Әңгіме, әңгелек, түңлік сөздеріндегідей латын графикасын апостроф жобасында жазған кезде апостроф саны көбейіп, ғаламтор желісіндегі «әріптеріңіздің басы биттеп кетіпті» тіркесіне сай келеді. Сол сияқты жіңішкелік, жуандық белгісін атамаған күннің өзінде бізге қажетті «ащы, тұщы» сөздеріндегі «щ» әрпі үш нұсқада да берілмеген. Бұл қазақ тіліндегі орфография, орфоэпия, сингармонизм заңдылықтарына сүйенер болсақ, ең бастысы қазақ тілінің дыбыс жүйесімен қатар жазба тілін жоғалтып алмай, қазақ/латын әліпбиінің стандарт нұсқасын бекітуден бұрын, алдын ала кеңесіп, түбегейлі түйіндеп алатын мәселе. Басты талап – жаңа әліпбиді жазуда кедергілер тудырмау болса, бұнда техникалық кедергілердің жоқ еместігі байқалуда. Демек, Елбасының қай тұрғыдан болмасын, асығыстыққа жол бермей, баршамызға ұсынылып отырған қазақ/латын әліпбиі жобасының нұсқаларын күллі қоғамның талқысына салып отырғаны бекер емес. Ендеше, еліміздің рухани жаңғыруының алтын арқауы – тіліміздің табиғи болмысын сақтап қалуға бағытталған және көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан өркениет көшінен қалмау үшін жұмыла жұмыс жасауымыз қажет деп санаймын.

                                            Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің

гуманитарлық ғылымдарының магистрі

А.Кажакпарова


Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст