АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасына 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында жаңадан келген кітаптар

08.02.2018

Әбдікәкімұлы Т.

«Бесінші маусым жұпары» (Өлеңдер мен толғаулар, поэма мен балладалар). – Алматы,  Атамұра, 2017.- 312 бет. Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының аталмыш  жыр жинағындағы шығармалар - Табиғат-Ананың тылсым күштерінің, қоғамдық құбылыстардың, һәм тарих тағылымдарының алуан сыр-сипаттары мен адам жан-дүниесінің де құпияларын танып-білуге ынтық оқырмандарды парасатты ой, сұлу сезім қуатымен баурап аларлық поэтикалық-философиялық  тосын шешімдерімен құнды.

Мұхтар Әуезов энциклопедиясы.- (Бас ред. С.Қасқабасов; ред.алқасы: Б.Қ.Майтанов,Н.Е Ақбай, Р.Әбдіғұлов т.б).-Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011.- 688 бет түрлі түсті жапсырма.

«Мұхтар Әуезов энциклопедиясында» Ұлы жазушының өскен ортасы, шығармашылық бай мұрасы, поэтикасы, дәстүр-тағылымы бар қырынан қамтылған. Кітапта суреткердің өмір жолын бейнелейтін фотошежіреге  мол орын берілген.

Мамырбекова Г.

Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2017.- 656 б.

Бұл сөздікте қазақ тіліндегі араб,парсы сөздері жинақталып. мысалдар арқылы түсіндірмелері берілген. Сондай-ақ араб,парсы сөздерінің әртүрлі нұсқадағы бірнеше варианттық қатарлары да реестрда көрсетілді.Тілімізде жиі қолданылатын араб, парсы сөздерімен қатар, қазіргі тіл тұрғысынан алғанда бейтаныс, алайда ескі қазақ жазба тілінде еркін қолданыста болған бірліктер де қамтылды.  Сөздікке 3562 сөз бен 1593 сөз тіркесі енгізілді.Сөздік ғалымдарға, тіл білімін зерттеушілерге,студенттерге және жалпы көпшілік қауымға арналады.

Қажыбай Төлеген

Қорқаудың ақыры: әңгімелер, хикаяттар,эсселер, пьесалар.-Алматы, 2017.-421бет.

Бұл кітапта белгілі қаламгер Төлеген Қажыбайдың әңгімелері, хикаяттары, эсселері, драмалық туындылары, естеліктері жинақ болып берілген. Оларда ізгілік, жақсылық, әділет, ақиқаттық, жоғары адамгершілік, биік руханилық,

бауырмашылдық  құндылықтарын қатігездік, ашкөздік,қанағатсыздық жауыздық, зұлымдық, рухани азғындық, қиянат әділетсіздік сияқты қоғамға жат құбылыстарға қарсы қойып, драмалық текетірестерде,тарихи сарындарда ұнамды қасиеттердің  жеңісін паш ететін авторлық шешім жасалады. Автордың пайымдауынша,өмірде  адамға жасалған жаманшылық жауапсыз қалмайды: ерте ме, кеш пе, олар зауал жазасына тап болады. Осы зауал -кітаптағы түрлі туындылардың бәрін ортақтастырып, тұратын идея.Сол себептен де, өмірдегі реалды жағдайлар суреттелетін кітап қызғылықты,жеңіл оқылады.Осыған орай олардың тілі де жатық,көркем.Жинақ көпшілік қауымға арналған.

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст