2020 жылдың 16 маусымында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Zhansugurov college» ұйымдастыруымен «WORLDSKILLS Қазақстан жобасы арқылы техникалық және кәсіптік білім саласында мектепке дейінгі және педагогикалық мамандықтарды жаңғырту» тақырыбында республикалық вебинар өтті. Күтілетін нәтиже: педагогикалық мамандар дайындайтын колледж оқытушылары өзара тәжірибе алмасады, кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Вебинарға «Talap» КЕАҚ, Алматы облыстық білім басқармасы, республикалық оқу орындарының оқытушылары қатысты. Оқу орнымыздан колледж оқытушылары WORLDSKILLS чемпионатындағы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігінің ерекшеліктері - Әмірова Сағира Абзалқызы және «Бастауыш білім беру» бойынша WORLDSKILLS құзіреттіліктерін қолдану мүмкіндіктері» - Мұқышева Қаракөз Серікқызы өз баяндамаларымен қатысты.