31.05.2024
Тарих пәнінің оқытушыларының ұйымдастырылуымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар қасіреті ұмытылмайды» атты еске алу іс-шарасы өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да запты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы.
Іс шара барысында 1937 жылы қабылданған зілді бұйрық, Әлихан Бөкейхановтың тұтқынға алынуынан үзінділер көрсетіліп, колледж студенттерінің орындауында Алаш арыстарына арнау және тарихтың тарғыл бетін ақтару үшін Хамзина Диана Жанатовна “Қазақстандағы қуғын сүргін саясаты” атты баяндамасы оқылды.
Халқы үшін жанын шүберекке түйіп, Сталиндік идеологияның оғына қарсы қасқайып тұрған ата-бабаларымыздың алдында біз мәңгілік борыштармыз, олардың айтқан әрбір сөзі біздің жадымызда, жүрегімізде сақталмақ.