31.05.2024
Колледж студенттерінің арасында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша қашықтықтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің І курс студенті Бүркітхан Жанмарал жүлделі І орынды иеленді. Сондай-ақ жетекшісі Нұртазина Салтанат Маратқызына дарынды шәкірт дайындағаны үшін және оның білімін арттыруға қосқан үлесі үшін арнайы Алғыс хат табыс етілді. Құттықтаймыз! Республикалық кезеңге жолдама алған жас талант Ақмола облысының намысын қорғайды. Алдағы білім бәйгесінде тек жеңіс тұғырынан көрінулеріңізге тілектеспіз!