АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

31 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

27.05.2020

Елімізде 1997 жылдан бері  31 мамыр жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді.

Сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет Одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын. Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті. Қолдан жасалған ашаршылықта бір үзім нанға зәру болған қанша қазақ қырғынға ұшырады.

Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы басқалар. 1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.

Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпауы керек. Бүгінде тәуелсіз ел ұрпақтары АЛЖИР, КарЛаг, Степлаг тұтқындары мен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды мәңгі есімізде сақтап, құрметтеуіміз қажет. Осы мақсатта Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Зұлмат жылдар жаңғырығы», «Нәубет жылдар құрбандары» тақырыптары  бойынша  топ жетекшілері онлайн тәрбие сағаттарын, еске алу акцияларын өткізуде.

Құрметті жастар! Халқы үшін жанын шүберекке түйіп, Сталиндік идеологияның оғына қарсы қасқайып тұрған ата-бабаларымыздың алдында біз мәңгілік борыштармыз, олардың айтқан әрбір сөзі біздің жадымызда, жүрегімізде сақталмақ. Біз – бүгінгі тәуелсіз елдің азаматтары,  жас ұрпағы саяси қуғын-сүргін құрбандары алдында бас иеміз! Рухы асқақ, жандары жаннатта болғай!

 

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст