24.04.2024
2024 жылдың 23 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушылары Абиева Камила Қойшыбайқызы мен Қайыржан Тілек Сағындыққызы «Zoom» конференциясын өткізді. Бұл кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес Степногорск ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болып, белсенділік танытты.