Текст
19.04.2024
Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Информатика» бөлімінің оқытушысы Жәнібеков Маралбек Батырбекұлы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы №2 мектеп-лицейі және Ақкөл ауданына қарасты Қына ауылының жалпы орта мектебімен кәсіби бағдар беру мақсатында «Zoom» конференциясын өткізді. 9-11 сынып білім алушыларына колледждің барлық мамандықтары мен біліктіліктері, сонымен бірге, колледждің материалдық-техникалық базасы, спорттық клубтардың қызметі мен жетістіктері туралы толық ақпарат берілді, бөлім бойынша бейнебаян көрсетілді. Оқушыларды толғандырған сұрақтар талқыланды.