Текст
2024 жылдың 17 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің оқытушысы Кравченко Анастасия Петровна мен «Логопедия» бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Искакова Бахыт Жарматайқызы «ZOOM» конференциясын өткізді. Бұл кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес Айыртау ауданына қарасты Дауқара орта мектебінің 11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Ұйымдастыру барысында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Логопедия» мамандықтары бойынша ақпараттар беріліп, бейнежазба көрсетілді.