АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Т.ШОНАНОВ: ЛИНГВИСТ-ҒАЛЫМ. АҒАРТУШЫ. ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

02.04.2024
2024 жылдың 29 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Телжан Шонановтың 130 жылдығына орай «Т.Шонанов: Лингвист-ғалым. Ағартушы. Қоғам қайраткері» атты студенттерге арналған облыстық конференция өтті. Онлайн форматтағы конференцияның негізгі мақсаты – тілтанушы-түркітанушы, қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, аудармашы Т.Шонанұлының телегей мұрасын, білім және ғылымға, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу және болашақ ұрпаққа насихаттау, қазіргі əлемдік білім беру жүйесіндегі лингвистиканың, әдістеменің, тарихтың, өзге де салалардың өзекті мəселелерін талқылау, қазіргі заманның жаңа сын-тегеуріндері тұрғысынан ағарту жүйесінің негізгі мəселелерін қайта қарастыру. Ғылыми-әдістемелік конференцияға мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңыздылығын баса айтты. «Білім беру жүйесінің даму тенденциясы» тақырыбындағы І секциялық отырыста Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі, қазақ филологиясы мамандығының ІV курс студенті Мырзабаева Томирис Айбековна өз сөзінде Ыбырай Алтынсариннің қазіргі білім беру жағдайында педагогикалық идеяларының құндылығы жайында ой өрбітсе, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі, «Техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану» мамандығының ІІІ курс студенті Цымбал Владимир Вадимович «Использование игровых технологий для обучения и развития учащихся» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі, «Қазақ филологиясы» мамандығының ІV курс студенті Әйтенова Мөлдір Мұратқызы бәсекеге қабілетті оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда сандық технологияның маңызын ашып айтса, Көкшетау қаласы, №2 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Карсакова Виктория Борисовна «Информационные технологии в образовании» тақырыбында баяндамасын оқып, ой бөлісті. Сонымен қатар Көкшетау жоғары «Арна» колледжі, «Бастауышты оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының ІV курс студенті Құтбанбаева Мақпал Темірбекқызы қатысушыларға білім беру жүйесінің даму тенденциясын ұғындырды. Ал «Қазіргі лингвистика мен лингводидактиканың өзекті мәселелері» тақырыбындағы ІІ секциялық отырыста Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Бастауыш мектеп» бөлімінің IV курс студенті Әшірбаева Назерке Нұрғалиқызы Телжан Шонанұлының еңбектерінің тарихнамалық мәні туралы ой өрбітсе, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжінің «Архитектура» мамандығының І курс студенті Карбаева Құралай Мирзахметовна Телжан Шонанұлының асыл еңбектеріндегі тарихи құндылықтарды тарқатып айтты. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің IІІ курс студенті Кабдулина Жансая Сайлаубаевна «Ана тілінің қамқоршысы, жанашыры – Телжан Шонанов» тақырыбында баяндама оқыса, Көкшетау қаласы, Жоғары техникалық колледжі, «Машина жасау технологиясы» мамандығының І курс студенті Қадыр Дарын Айдынұлы Телжан Шонанұлының өмірі мен мұрасының өнегелілік тәлімі туралы ой тарқатып, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің IІІ курс студенті Силам Айдана Әшімбекқызы «Т.Шонанов:лингвист-ғалым» тақырыбында баяндамасын оқып, ой бөлісті.
Просмотров: 140


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст