Текст
2024 жылдың 26 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің медбикелері Нургалиева Ләйлә Исламқызы мен Нурфайзиева Айжан «Қызылша ауруы туралы не білеміз? Қалай қорғанамыз?» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді. Негізгі мақсат – студенттерге қызылша ауруы туралы ақпарат беру, оның жұғу жолдары мен алдын алу шараларымен таныстыру, санитарлық-гигиеналық дағдыларын қалыптастырып, салауатты өмір сүруді әдетке айналдыруға тәрбиелеу.