АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облысы ғылыми-тәжірибелік орталығы, Ақтөбе гуманитарлық колледждерінің бастамасымен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа табысты қадам» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық онлайн жүйесіндегі конференциясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары Т.Жоламанова, О.Рақымжан жетекшілігімен қатысқан студенттеріміз үздіктер қатарынан көріне білді.
Жас ізденушілерді латын әліпбиіне көшудің оңтайлы және тиімді жолдарын іздеуге машықтандыру арқылы, ғылыми және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісу, танымдық белсенділіктері мен интеллектілік шығармашылықтарын дамыту мақсатында өткізілген конференция үш бағыт бойынша өтті. Студенттеріміз барлық бағыттарды қамти отырып, латын әліпбиіне қатысты өзекті тақырыптарды зерттеу мақалаларына арқау етті. Нәтижесінде Филология бөлімінің 3 курс студенті Танкаева Аяжан «Латын графикасына көшу – болашаққа табысты қадам» секциясы бойынша қатысты. «Латын əліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбындағы мақаласы үздік деп танылып, I дәрежелі диплом иеленді. Роот Карина «Білім беру жүйесіндегі латын графикасына көшудің тиімді жолдары» секциясы бойынша қатысып, «Латын графикасын меңгертудің тиімді жолдары» атты зерттеу мақаласы үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. «Латын əліпбиіне көшу – əлемдік үрдіске жақындау» секциясы бойынша Байсерік Аружан II дәрежелі диплом, Хайымхан Наздана «Латын графикасына көшу мəселелері» тақырыбындағы зерттеу мақаласы үшін III дәрежелі диплом иеленді. Бахтиярова Гүлнардың «Білім беру жүйесіндегі латын графикасына көшудің тиімді жолдары» секциясы бойынша «Латын графикасына көшу мəселесі» атты мақаласы сарапшылар тарапынан жақсы деп бағаланды.