АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Озық мемлекеттердің білім беру саласындағы іс-тәжірибелерін трансформациялауды жүзеге асырып жүрген «Global Nomad Education» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен «Жапонияда білім беруді дамытуға ішкі көзқарас: Қазақстан мектептеріне жобалар енгізу» атты Жапония елінің білім беру саласындағы ерекшеліктерін танытатын бағдарлама бойынша Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы озық технологиясының құдіретін әлем мойындаған, мәдениеті ежелден бағаланған мемлекетке Қазақстан делегациясымен арнайы іс-сапарға аттанды. Негізгі мақсат – Күншығыс елінің озық тәжірибесін ескере отырып, мемлекетіміздің білім беру ұйымдарын дамыту миссиясын әзірлеу, үздік идеяларды, кейстерді, практикаларды, жобаларды және әдістемелерді енгізу, мекемелердің менеджерлерімен және мектепке дейінгі ұйымдармен серіктестік, Қазақстан мектептері оқушыларының академиялық алмасу мәселелері жөніндегі ынтымақтастық орнату.