2024 жылдың 27 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Үздік педагог – 2021» байқауының облыстық конкурсының жеңімпазы, педагог-зерттеуші А.З.Заманбекованың «Сүйемелдеу» пәні бойынша «Балалар әндерін баян аспабында ойнап үйренудің әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы үлгі сабағы өтті. Сабақтың мақсатына сай балалар әндерін үйренудегі жұмыс барысында нотаны бірден оқып ойнау техникасын меңгеруде, балалар әндерінің мазмұнындағы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіруде әңгімелесу, репродукциялық (оқытушының көрсеткен әдістері арқылы айнытпай ойнау), қайталау әдісі (қажетті ойналатын бөліктерді нақтылау), ансамбльде ойнау әдіс-тәсілдері, цифрлық платформалар (LearningApps, WordWall бағдарламасы тиімді қолданылды. Оқу-жаттығу процесінде білім алушы ансамбльде оқытушымен бірге ойнай алу, өзін-өзі сүйемелдеу, әншіні сүйемелдеу сынды кәсіби дағдыларды меңгерді.
#Біртұтастәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
@aqmoedu
@altynsarin_akademiasy