АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қабылдау комиссиясының ұйымдастыруымен «Бұл – біздің таңдау» атты онлайн ашық есік күні өткізілді. Онлайн ашық есік күніне колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты Н.Ахат, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ә.Рахимжанова, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ә.Қажақпар қатысты. Онлайн ашық есік күні барысында қатысушыларға яғни, талапкерлер мен ата-аналарға оқуға түсу ережелері, оқудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары, 9,11 сынып негізіндегі мамандықтар, мемлекеттік тапсырыс бойынша толық ақпарат берілді. Талапкерлер мен ата-аналар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды және де барлық сұрақтарға толыққанды жауап қайтарылды.. Қабылдау емтихандары туралы мәлімет қосымша хабарланып, колледждің сайтына салынатындығы хабарланды. Талапкерлер тарапынан алғыс айтылып, ризашылықтарын білдірді.