АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына – 3 жыл.

12.04.2020

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде колледімізде 2017 жылдан бері ауқымды жұмыстар атқарылып атқарылып келеді.

Жаңа қазақстанық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыты аясында «Ауылым – алтын бесігім», «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында эсселер, шығармалар сайыстары ұйымдастырылды. Ал қазан айынан бастап әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері «Тарихи ескерткіштер-ұлт құндылығы» жобасы қолға алынып, жоба аясында  студенттеріміз қалалық өлкетану мұражайына, қаланың тарихи, мәдени орындарына эксурсиялар жасады. Бұл жобаға колледжіміздің  300-ге тарта студент-жастары жұмылдырылды.

Колледжде студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде тың идеяларды насихаттау, жастардың жаңа көзқарасын қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын мақсатында «Рухани жаңғыру жастар көзімен» аты Жастар форумы өткізілді.

«Рухани-адамгершілік тәрбие» бағытында жеке тұлға қалыптастыруда рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы терең түсінігін қалыптастыруда, «Парасат» дебат клубы, «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубының жоспары негізінде жұмыстар жүргізеді.  

«Отбасы тәрбиесі» бағытында колледжде ата-аналарға білім беру, олардың педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру жұмыстары қалыптасты. Осы орайда «Отбасы – бақыт мекені»  апталық өткізілді. «Отбасы әлемі» отбасылар арысында ұйымдастырылған сайысқа бірнеше отбасылардың қатысуы студент болса да өз балаларының тәрбиесіне ыждаһаттылықпен қарайтынын көрсетті. «Жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасының рөлі» ата-аналар конференциясында ата-аналар белсенді қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басты жобалардың бірі латын алфавитіне көшу болса, бұл жобаны іске асыруда колледжіміз тыс қалған жоқ. Ең алдымен, колледжіміздің тіл мамандарынан жұмыс тобы құрылып, арнайы жұмыс жоспары жасалды. Жобаға байланысты   байланысты оқытушылар мен студенттер арасында «Латын алфавитін үйренейік!» атты акция өткізілді.

 «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Саналы азамат» жобасының шеңберіндегі «Кітап-білім бұлағы» кіші жобасының аясында колледжіміздің жатақханасында студенттердің талаптарын қанағаттандыру, кітапқа, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Оқырмандар әлемі" атты оқу залы және оқу ғимаратында Буккросинг кітап бұрышы ашылды.

«Отаным – тағдырым» жобасы бойынща колледж студенттері әскери- патриоттық бағыттағы «Алау», «Жас Ұлан», «Намыс» жарыстарына, спорттық бағыттағы «Кезең», «Сұңқар» спартакиадалық жарыстарға қатысып жүлделі орындар  иеленіп жүр.

Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері мен оқытушыларының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде  жарияланған өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстары, БАҚ бетіне жарияланған мақалаларына тоқталып кетсем, жалпы 17 мақала, әртүрлі деңгейдегі конференцияларға қатысып 12 баяндама жинаққа шықты, 5 ғылыми жоба жүлделі орынға ие болды және бірнеше студенттер олимпиадалар мен спорттық сайыстардың жеңімпазы атанды.

Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі болғандықтан студенттерге арналған  колледж баспаханасынан «Рухани жаңғыру – білімге бағдар» атты журнал жарыққа шықты. Журналға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аяысында атқарылған жұмыстардың бірқатары енді.

Ұлттық кодтың өзегін сақтай отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді.

 

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст