Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде студенттердің қашықтықтан оқыту кезеңінде топ жетекшілер өз жұмысын жалғастыруда. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатылды. Колледж директоры Нұртас Ахатұлының ата-аналарға арнайы хаты жолданып, ата-аналар тарапынан да кері байланыс жасалды. Ақмола облысы білім басқармасының нұсқаулығына сәйкес тәрбиелік іс-шаралардың арнайы жоспары жасалып, тәрбие сағаттары әртүрлі форматта өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында онлайн-дәріс,Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған колледж студенттерінің арасында «Ұлы Абайдың ұрпақтары» бейнероликтердің онлайн акциясы, «Менің студенттік өмірімнің бір күні» флешмобы, «Алтын Ордаға – 750 жыл» тақырыбында онлайн-эссе ұйымдастырылуда. Топ жетекшілері тарапынан Жеңістің 75 жылдығына арналған Ерліктің онлай-сабақтары және студенттерді ғылыми жұмыстарға баулу мақсатында зерттеу жұмыстарының онлайн байқауы жоспарланбақ.