30.01.2024
2024 жылдың 26 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Әмірова Сағира Абзалқызы, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің 2023 жылғы түлегі, қазіргі уақытта өңір орталығындағы «Айша» балабақшасының тәрбиешісі Бельгумбаева А.А. және IV курс студенті Сымбат Б. Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Шағалалы ауылының жалпы орта білім беретін мектебіне кәсіби бағдар беру мақсатында барып қайтты. Оқушыларға колледж жайлы видеожазба көрсетіліп, таратпалы материал ұсынылды. Толық ақпарат беріліп, білім алушылар толғандырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.