АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Бүгін 2020 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы шықты. Елбасы коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіргенін және қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 1,4 миллионнан астам адам осы сырқатқа шалдығып, ондаған мың адамның өмірі қиылғандығын айтты. Сондықтан әлем мемлекеттері қатерлі дертке бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдыруы керек. Қазіргі қиын уақытта медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдары кәсіби біліктілігін көрсетіп жатыр. Осы ретте мемлекетті және атқарушы билікті қолдауымыз қажет. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте Қазақстан халқын сабырға, байсалдылыққа шақырды. Пандемияға қарсы мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілгендігі туралы мәлімдеді.
Мақалада "әбігерге салған пандемия бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс туғызды. Алып кәсіпорындардың жұмысы тоқтады, көлік атаулының қозғалысы шектелді. Мұнайдың бағасы құлдырады. Ел мен ел арасындағы шекаралар жабылып, алыс-беріс тыйылды. Мұның бәрі бұрын-соңды болмаған аса ауқымды рецессияға әкеліп соқтырып, жұмыссыздықты көбейтіп отыр" деп сипаттайды. Осыған байланысты аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдерін және кәсіпкерлерді халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, салауатты өмір салтын ұстануға, көмек көрсетуге шақырды. Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен тығыз байланысты. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Елбасы Қазақстан халқын береке бірлікке, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды.