17.01.2024
Қаңтар айының 11-і күні озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында М.Ө.Нұрқан «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша «Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін. Саяси режим түрлері» тақырыбындағы үлгі сабағын өткізді. Білім алушыларды белсенді оқуға тарту, сабақты мақсатына сай ұйымдастыру үшін топтық, жеке жұмыс түрлері және мультимедиялық технологиялар тиімді қолданылды. Сабақтың барлық кезеңінде кері байланыс құралдары, бақылау және бағалау әрекеттері орындалды.