17.01.2024
Ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №1 Студенттер үйінде педагог-психологтар Жанбырбай Айдана Абдрахманқызы мен Сабыр Ақжібек Теміржанқызы, колледж медбикесі Нургалиева Ләйлә Исламқызының ұйымдастыруымен I курс студенттеріне арналған «Жасөспірімдер, зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыбындағы түсіндірме жұмысы өтті. Негізгі мақсаты: жасөспірімдерге темекі мен ішімдіктің зиянын түсіндіру, қазіргі қоғам талабына сай салауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеу, зиянды заттардың салдары туралы білімдерін кеңейту және олардың ой-пікірлерін ортаға салу.