08.01.2024
2024 жылдың 5 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №3 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заманбекова Әлия Заманбекқызы, ғылыми-әдіснамалық жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы, практика жұмысы бойынша колледж әдіскері Меңдыбаева Айжанар Нұрланқызы І жартыжылдық бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұнын жаңа сапаға көтерудің нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының есебін берді. Педагогикалық кеңес барысында білім сапасын жоғары нәтижеге көтеру мақсатында әр бөлім болып топшаға бөлініп, төмендегі мәселелер бойынша талқылау жүргізіп, шешу жолдарын айқындап, ұсыныс беріп, пікір білдірді:
1. Педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру;
2. Білім беру сапасын қамтамасыз етуде обьективті бағалаудың маңыздылығы;
3. Білім сапасын арттыру мақсатында ата-аналармен бірлескен жұмыстың тиімділігі;
4. Педагогтің кәсіби әдістемелік дайындығының білім сапасын қамтамасыз етуге әсері;
5. Әлеметтік серіктестіктермен бірлескен кәсіби практика жұмысын сапалы ұйымдастыру;
6. Білім алушылардың сабаққа уақытында келмеуін қадағалау шаралары;
7. Студенттерді оқу процесіне ынталандырудағы және әлеуметтендіру жұмысында топ жетекшісінің ықпалы.
Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы көтерілген мәселелерді сарапқа салды. Ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды.