28.12.2023
2023 жылдың 26 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде оқытушылардың және қызметкерлердің балаларына арналған «Мұзды өлкеге саяхат» атты Жаңа жылдық ертеңгілік өтті. «Сиқырлы әлем» қуыршақ театры мүшелері балаларға арналған ертегі қойылымдарын көрсетті. Олаф, Анна ,Эльза сияқты ертегі кейіпкерлері «Мандаринмен эстафета» және «Көңілді үй» атты қызықты ойындарды ұйымдастырды. Жаңа жылдық ертеңгілікте балалар қызықты би билеп, Жаңа жылдық көңіл-күйге бөленді.