АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 2023 жылға қойған жоспары мақсатты жүзеге асырылып, әр бағыт бойынша жарқын жетістіктерге жетті.
Мәселен, оқу-тәрбие процесі бойынша 01130100 «Логопедия» мамандығының 5AB01130101 «Логопедия қолданбалы бакалавры» біліктілігіне бас лицензияға қосымша алынды және Сапа Менеджмент Жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық Реттеу жүйесінің № KZ.Q.02.E0570.C23.02840 Сәйкестікті растау жөніндегі органның мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізілімінде тіркелген 2026 жылдың 23 қазанына дейін жарамды СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ берілді. «Сапа менеджмент жүйелері. Талаптар» ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015) сәйкестік сертификаты колледждің Сапа Менеджменті жүйесінің талаптарына сəйкес келетінін куəландырады. Сондай-ақ «Айбын – 2023» IX Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері жүлделі ІІ орынды иеленді. Республикалық «Қазақтың ою-өрнектері мен зергерлік бұйымдарын жасауды үйрету жолдары» әдістемелік ғылыми-зерттеу жұмысы байқауында Әшім Аружан жүлделі І орынға ие болды. «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенттері» жобасында «Бастауыш білім беру» бөлімінің ІV курс студенті Арапова Қарлығаш жеңіске жетті. «ZANA TALENT» республикалық фестиваль-конкурсында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша «Гауһартас» триосы І орынды иеленсе, «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы көркемөнерпаздар байқауында колледждің шығармашылық ұжымы БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды. 7-12 қыркүйек күндері Өзбекстан мемлекетінің Хиуа қаласында өткен Гір спортынан әлем чемпионатында «Дене мәдениеті» бөлімінің І курс студенті Нұрғожин Қуаныш кіл мықтылардың арасынан топ жарып, күміс жүлдегер атанды. «Бозок» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастырумен өткізілген жалпы орта, техникалық дәне кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы «Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны» Республикалық қашықтықтан өткен байқауға «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің тәрбиеленушісі Серікболқызы Айсауле қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Ғылыми-әдістемелік бағыт бойынша Қазақстан Республикасының ТжКББ құрылымы бойынша колледж оқытушысы Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызы республикада тұңғыш рет «Қазақ филологиясы» бойынша PhD докторлық диссертациясын қорғады. Республикалық «Үздік педагог-2023» байқауында Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағанбетқызы жеңімпаз атанса, Дене тәрбиесі және спорт бағыты бойынша Ақтөбе қаласында өткен Республикалық Кәсіби шеберлік байқауынде Шакенов Ерболат Бергенбайұлы БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды. Сонымен қатар ТжКББ ұйымдарының жалпы пән оқытушылары арасында «Кәсіби шеберлік – 2023» республикалық байқауының қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші Ташенова Айжан Кадырбайқызы БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Педагогика пәнінің оқытушысы, педагог-шебер, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01103 – Педагогика және психология» білім бағдарламасы бойынша PhD докторанты Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша «Білім алушыларға қатысты буллингтің алдын алу шараларын әзірлеу және оның өзекті аспектілерін зерттеу (киберпедагогика)» тақырыбында ГРАНТ иегері болды. Техникалық және кәсіптік білім беретін колледж студенттері арасында өткізілген «Ұлттық тәрбие және жаһандану» тақырыбындағы республикалық жобалар байқауының «Халық ауыз әдебиеті – тарихи жады» бағыты бойынша «Мектепке дейінгі» бөлімнің студенті Жанас Гүлнәсіп Қуанышқызы жүлделі ІІ ОРЫНДЫ, «Ұлттық мұра – ұлттық мирас» бағыты бойынша «Филология» бөлімнің студентті Утебаева Дильназ Бауыржанқызы жүлделі ІІІ ОРЫНДЫ иеленді. «Студент және ғылым: ізденіс, инновация, даму» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Құсбек Дарина белсене қатысып, жүлделі ІІ ОРЫНДЫ иеленді. Жетекшісі: Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы. «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік жас маман» республикалық байқауына Қайыржан Тілек Сағындыққызы, Қуаныш Жарас Жаңбырұлы, Шекентаев Ардақ Ардақұлы, Көке Асылбек Қабайұлы, Өмірзақ Айсұлу Қуандыққызы қатысып, жүлделі орындарға ие болып, «Үздік жас маман» төсбелгісімен марапатталды.
«Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің қызметі бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша оқу-жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу мәселелері» атты республикалық мәжіліс, «Логопед мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы республикалық семинар-практикум өтті. «Білім» бейіні бойынша 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім беру бағдарламалары ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіптік стандартына сәйкес ұсынылып, реестрге тіркелді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті КеАҚ құрамындағы кәсіби білім беру колледжі, Павлодар қаласының жоғары инновациялық көп салалы колледждерімен кеңес беру алаңы ұйымдастырылды.