АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 12-13 желтоқсан күндері аралығында Астана қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және стратегиялық міндеттер» тақырыбындағы Республикалық Форумы өтті. Маңызды форумға филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы, директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы және практика жұмысы бойынша орынбасары Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы қатысты. Сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен өткен «Орта білім берудің басымдықтары контекстінде колледждерде педагогтерді даярлау» республикалық дискуссиялық алаңда педагогикалық мамандарды даярлауда білім беру бағдарламаларын жетілдіруде орта білім мазмұнының өзгерістері таныстырылды. Орта білім МЖМБС жаңа талаптары талқыланып, Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар жүйесі түсіндірілді. Академия мамандары педагогикалық колледждерді қолданбалы бакалавриатқа трансформациялау моделін ұсынып, талқылаулар болды. Бес бағыт бойынша ұйымдастырылған форум аясындағы көрмеге тәжірибе бөлісу мақсатында колледждің қарқынды, мақсатты жұмысынан ақпарат берілетін бейнеролик даяр қалпында ұсынылды.