АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Пәнді оқытуда тиімді платформаларды қолдану» тақырыбындағы іс-шара

14.12.2023

2023 жылдың 11 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде жас мамандарға арналған «Пәнді оқытуда тиімді платформаларды қолдану» тақырыбындағы іс-шара өтті. Негізгі мақсат – студенттердің пәнге деген қызығушылығын және тақырыпты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында тәжірибеміздегі белсенді оқыту құралдарын пайдаланудың жолдарын бөлісу, шебер-сыныпқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету, үйренушілердің қызығушылығын тудыру. Шеберлік сағатында «IT-еріктілер» клубының мүшесі Ерғали Иммамади Emaze онлайн платфомасында 3d тур презентациясын жасау жөнінде ақпарат берсе, Съезд Гульнар «Wix.com» сайтының мүмкіндіктерімен және «Tilda» онлайн платформасымен, Найманова Еркегүл «Canva» қосымышасын баяндамалар жасауда тиімді қолданудың мүмкіндіктерімен, Атымтай Томирис «Umaigra» дидактикалық ойынымен, «Wooclap» кері байланыс жасауға арналған платформалармен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. И-22ҚБ тобының студенттері Серік Қажет «Tiny Tap»  дидактикалық ойындарды құру, Есмуханов Темирлан ««Fyrebox» онлайн дидактикалық ойындарды құрастыру платформаларының негізгі қызметімен таныстырды. Әрбір оқытушы компьютерлерін пайдаланып, студенттер тақтада көрсеткен платформалардың қызметтерімен ілесіп, қайталап жасап отырды.

Просмотров: 1008


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст