06.12.2023
«Шетел тілі» кафедрасының оқытушылары «Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми-зерттеу орталығының «Didaktika» республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журналында ғылыми-әдістемелік мақалаларын жарыққа шығарып, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Педагог-зерттеуші, педагогика магистрі Китарова Галия Сырымқызы «Research abilities as a factor of development of students’ creativity (Білім алушылардың шығармашылығын зерттеушілік қабілеттері арқылы дамыту)», І санатты оқытушы Жусупова Динара Петровна «Development of students’ speaking skills through Public Speaking Clubs: a path to proficiency (Білім алушылардың сөйлеу қабілеттерін көпшілік алдында сөйлеу үйірмелері арқылы дамыту)», педагог-модератор, педагогика ғылымдарының магистрі Каппас Айсара Жанатқызы «Социокультурный компонент обучения иностранному языку (Шетел тілін оқытуда әлеуметтік-мәдени компонентті ескеру)», педагог-зерттеуші, заң ғылымдарының магистрі Ибрагимова Айжан Қадырбайқызы «Effective techniques for teaching English pronunciation (Ағылшын тілінде айтылымды оқытудың тиімді әдістері)», Сағындық Айжан Жеңісбекқызы «Using gaming technologies in foreign language classes as a strategy for mitigating and addressing language anxiety (Шет тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану тілдік алаңдаушылықты азайту стратегиясы ретінде)», Сыздыкова Асем Қайдарқызы «Innovative approaches to teaching grammar in college Еnglish classes (Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқытудың инновациялық әдістері)», педагог-модератор Амангелді Газиза Габдул-Манапқызы «Informative website news in levels as the constituent element of information and communication technologies in teaching Еnglish (Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың маңызды элементі ретінде ақпараттық жаңалықтар сайттарын қолдану)», Каирова Куаныш Рыспекқызы «Understanding the Significance and Impact of Social-Emotional Learning (SEL) in Education (Білім беруде әлеуметтік-эмоционалдық оқытудың маңызы мен әсерін түсіну)» тақырыптарында мақалаларын жариялап шығарды. Барлық оқытушылар болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің дамуына үлес қосқаны үшін Алғыс хаттарға және әдістемелік материалдарымен бөліскені үшін сертификаттарға ие болды.