АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі облыстық деңгейде «Мектепке дейінгі» бөлімнің үйымдастыруымен «Логопедия» тобының студентеріне арналған «Сөйлеу тілінде мүкістігі бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел өтті. «Логопедия» бөлімінің ІV курс студентері «Бір қадам алға» тақырыбындағы жаттығуларымен практикалық алаң құрады. Колледж директорының практика жұмысы бойынша орынбасары Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының іс-шараның маңыздылығын баса айтты. Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің тифлопедагог, логопед, дефектолог маманы Кокишева Асемгүл Жанбекқызы «Сөйлеудің дамуы-сапалы оқудың кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің басшысының міндетін атқарушысы Ибраева Айнұр Балтабайқызы мен әлеуметтік педагог маманы Кемешова Гүлжан Нуруслановна «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің атқаратын қызметі» туралы өз тақырыптарында кеңірек айқындап бере алды. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Арман» бөбекжайы» МКҚК логопед маманы Алгужина Гүлмира Аблановна «Жалпы тілі дамымаған балаларды дамытуда нейро жаттығулардың маңызы» тақырыбындағы практикалық жұмыс түрлерін қолдану туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, дефектолог, логопед маманы Искакова Бахыт Жарматайқызы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің жолдамасы бойынша келген балалармен жұмыс жасаудың алгоритмі» тақырыбындағы логопед мамандарының ПМПК қорытындысы бойынша жүйелі түрде қандай жұмыстар жалғасатыны туралы ойымен бөлісті. Іс-шара «Логопедия» тобының студенті Абишева Аружанның АКТ технологиясы бойынша “Ой қозғау” ойынымен жалғасып, әрі қарай пікірталасқа ұласты. Студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алды. “Логопедиядағы тәтті жаттығулар” атты жұмыс түрін «Логопедия» тобының ІV курс студенті Аманбек Нұрсауле өткізіп, қызықты идеяларды қозғады. Ал «Логопедия» тобының ІV курс студенттері Хабидолла Аяжан мен Кабден Дильназ “Логопедиялық зонд түрлерін қолдану ерекшеліктері” тақырыбында массаж жасау және дыбыстарды зондтармен қою жұмыстарын практика жүзінде жақсы деңгейде, ережелерге сай көрсете алды. Соңында «Логопедия» тобының ІV курс студенті Әбілдаева Ақерке «Whats App жүйесі» атты рефлексиямен аяқтады. Қорытынды сөзімен колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы қатысушылар мен білім алушыларға алғысын білдіре отырып, дөңгелек үстелге атсалысып қатысқаны үшін Ақмола облысы білім басқармасының “Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі” КММ _және Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің» КММ басшыларына Алғыс хат жолдаса, қатысушы мамандар мен студенттерге сертификаттар табыстады. «Логопедия» топтарының студенттері «Сөйлеу тілінде мүкістігі бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел іс -шарасынан өздеріне қажетті білім мен тәжірибені ала алды.