АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 30 қараша күні жас маман, тарих пәнінің оқытушысы Д.Ж.Хамзина мен тәлімгер А.Т.Тайманова дүниежүзі тарихы пәнінен «Адамның пайда болу теорияларын негіздеу» тақырыбында кіріктірілген дуэт сабақ өткізді. Сабақ құрылымы «5 Е» модулі арқылы жасалып, жасанды интеллект арқылы теориялық білім берілді. Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар постер қорғау, «Пазл», «Кім? Қашан? Қайда?», «5 минуттық эссе» әдісі, «Padlet» тақтасы арқылы тиімді ұйымдастырылды. Сабақтың барлық кезеңінде рефлексиялық бағалау әрекеті мен цифрлық ресурстар мақсатқа сай үйлестірілді. Ал жас маман, математика пәнінің оқытушысы М.Т.Жалғасбай мен тәлімгер Т.И.Ахметов математика пәнінен «Сфера және шар. Шар бетінің ауданы» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Сабақ барысында коучинг әдісі арқылы ой қозғалып, КАZmath платформасы арқылы топқа бөлу жүргізілді. Видеоматериал арқылы ториялық білім нақтыланып, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындалды. Сабақ барысында математика ғылымының өмірмен байланыстылығы, күнделікті тұрмыстағы ерекшеліктер де аталды. Кіріктірілген дуэт сабақтар мазмұнды әрі сапалы өтіп, білім алушыларға ерекше шабыт сыйлады.