Текст
Ағымдағы жылдың 20-24 қараша күндері аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ФБ-41, И-31, ФБ-32 және ДМ-42ҚБ тобының студенттерімен әлеуметтік педагог Шекенбаева Ажар Нұралықызы және психолог Жанбырбай Айдана Абдрахманқызының ұйымдастыруымен "Есірткіге жол жоқ!" тақырыбындағы ақпараттық дәріс өтті.
Негізгі мақсат - студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру және адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу.